jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бекзат Саттархановтың анасынан бата алдым": Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада чемпионының шаңырағына барды

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Сырлыкүл Саттарханова
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлының Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/muhammedsabyr002

    Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасынан бата алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 20 жасында Олимп шыңын бағындырған марқұм Бекзат Саттархановтың үйіне барғаны туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол Олимпиада чемпионының алтын жүлдесін тағып суретке түскен.

    "2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына келіп, анасынан бата алдық", - деп жазды Базарбайұлы.

    Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова Turkistan TV телеарнасына берген сұқбатында Мұхаммедсабырдың Париж Олимпиадасындағы өнері туралы айтқан еді.

    "Маған Мұхаммедсабыр Базарбайұлының бокстасу мәнері қатты ұнады. Керемет бала. Егер шыңдалатын болса, үміт күтетін баламыз бар, Құдайға шүкір", - деді Сырлыкүл Саттарханова.

    Еске салайық, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан еді. Ол 1/8 финалда тайбэйлік спортшы Чу Ен Лайды жеңді. Алайда ширек финалда грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Сырлыкүл Саттарханова
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлының Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/muhammedsabyr002

    "Бекзат Саттархановтың анасынан бата алдым": Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада чемпионының шаңырағына барды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.