jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Қатты ашуланып тұрдым": қазақстандық теннисші дау тудырған қылығы үшін кешірім сұрады

    Бол-герл мен Юлия Путинцева
    Бол-герл мен Юлия Путинцева. Скриншот: youtube.com/@ChristiansCourt

    Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open 2024 турнирінде бол-герлға құрметсіздік көрсетіп, кейін кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Турнирдің үшінші айналымында италиялық Жасмин Паолиниге қарсы өткен матчта Юлия Путинцева бол-герл берген доптарды бірнеше мәрте қабылдамай қойған. Кейін қазақстандық теннисші Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, кешірім сұрады.

    "Сол әрекетім үшін бол-герлдан кешірім сұрағым келеді. Мен геймді ұта алмағаным үшін өзіме қатты ашуланып тұрдым. Кейін көңілім құлазып, ойға беріліп кеттім. Тіпті айналамда не боп жатқанына, кім маған доп беріп жатқанына мән бермедім. Бол-балалар әдеттігідей керемет жұмыс істеді", - деп жазды теннисші.

    Айта кетейік, бұл матчта Юлия Путинцева 3:6, 4:6 есебімен Жасмин Паолиниден жеңіліп, турнирді аяқтады. Ол осыған дейін чехиялық Линда Носкованы (7:6, 6:4) және қытайлық Ван Синьюді (6:1, 7:6) ұтқан еді.

    US Open турнирі алдында Юлия Путинцева Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA 1000 санатындағы жарыста әлемнің екінші ракетасы Коко Гауффты жеңіп, сенсация жасаған болатын. Бірақ келесі айналымда Паула Бадосаға есе жіберді.

    Путинцеваның Instagram Stories-і
    Путинцеваның Instagram Stories-і. Скриншот: instagram/yulia_putintseva

    "Қатты ашуланып тұрдым": қазақстандық теннисші дау тудырған қылығы үшін кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.