jitsu gif
Спорт

    Аударыспақтан Қазақстан құрамасының барлық спортшысы финалға өтті

    Аударыспақ спорты
    Аударыспақ спорты. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының барлық спортшысы финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 8 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Жарыстың алғашқы күнінде аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының барлық спортшысы финалға өтті.

    Жарысқа 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресейден келген спортшылар. Қазақстан намысын қорғап жатқан Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев финалға өтті.

    Айта кетейік, көкпардан Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының іріктеу кезеңінде Өзбекстан командасын ірі есеппен жеңген еді. "Қазанат" ипподромында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16:0 есебімен басым түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.