jitsu gif
Спорт

    Аударыспақтан қазақстандық спортшылар көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетті

    Аударыспақ
    Аударыспақ. Фото: UGC

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды

    Бүгін, 9 қыркүйекте елордада өтіп жатқан көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан құрамасының мүшелері 3 алтын еншіледі.

    Қазақстандық спортшылар Ермек Құралбай (60 кг дейін), Алмат Ләтіпбек (70 кг дейін), Дарын Өткелбай (80 кг дейін) аударыспақтан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.

    Айта кетейік, "Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

    Аударыспақтан қазақстандық спортшылар көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.