jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Көшпенділер ойындары: аударыспақтан Қазақстан құрамасының барлық спортшысы финалға шықты

    Аударыспақ спорты
    Аударыспақ спорты. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан құрамасының үш спортшысы да финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Этноауылда өтіп жатқан аударыспақ жарысында Қазақстан құрамасынан Есімхан Рахматіллә (90 кг), Сырым Ізбасаров (100 кг) және Біржан Қосалиев (+100 кг) финалда сынға түседі.

    Кеше, 9 қыркүйекте аударыспақтан алғашқы жарыс күнінде Ермек Құралбай (60 кг), Алмат Ләтіпбек (70 кг) және Дарын Өткелбай (80 кг) алтын медаль жеңіп алған еді.

    Қазір Қазақстан 14 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен Көшпенділер ойындарының медаль кестесінде көш бастап тұр. Екінші орынға Қырғызстан (3-7-4), үшінші орынға Ресей (3-2-5) жайғасқан.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр.

    Көшпенділер ойындары: аударыспақтан Қазақстан құрамасының барлық спортшысы финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.