jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Түрік стилінде жамбы ату: қазақстандық мергендер 1 алтын, 1 қола медаль иеленді

    Айтбек Сарыбай
    Айтбек Сарыбай. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

    Бүгін, 10 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында түрік стилінде жамбы ату жарысы өтіп, қазақстандық мергендер 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жарыс нәтижесі бойынша Ералхан Айкөз алтын жүлдеге ие болды. Екінші орынды түркиялық спортшы Егит Керем иеленді. Ал қола жүлдені Айтбек Сарыбай еншіледі.

    Кеше, 9 қыркүйекте жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алған еді. Батыр Бексауыт алтын жүлдені қанжығаласа, күміс медальді Айтбек Сарыбай, қола жүлдені Ералхан Айкөз қоржынға салған болатын.

    Жамбы атудан бәсекелер елордадағы "Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.

    Айта кетейік, V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Әлемнің 89 елінен келген қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынап жатыр. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Түрік стилінде жамбы ату: қазақстандық мергендер 1 алтын, 1 қола медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.