jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Көк бөріден Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарының финалына шықты

    Көкбөріден Қазақстан құрамасының ойыншылары
    Көк бөріден Қазақстан құрамасының ойыншылары. Фото: instagram.com/ulttyqatsport.kz

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден Қазақстан құрамасы финалға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Түркия командасымен ойнап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 15:1.

    Қазақстанның финалдағы қарсыласы Қырғызстан – Ресей ойынынан кейін анықталады. Финалдық бәсеке ертең, 12 қыркүйекте 16:30-да басталады.

    Көк бөрі – қырғыз халқының ұлттық ат спорты. Ойын ережесі бойынша, серкені жерден алып үлгерген шабандоз оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек.

    Осыған дейін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей командасын жеңіп, Көшпенділер ойындарының финалына өткен еді. Енді қазақ көкпаршылары ертең қырғыз спортшыларымен алтынға таласады.

    Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Көк бөріден Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.