jitsu gif

    Жалаң қолмен жұдырықтасу спортындағы алғашқы қазақ АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

    Алмат Жұманов
    Алмат Жұманов. Фото: instagram.com/qazaqtitan

    Үш дүркін КИнЭС рекордшысы, жалаң қолмен жұдырықтасу спортындағы тұңғыш қазақ Алмат Жұманов АҚШ-тың Голливуд қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 14 қыркүйекте сағат 03:00-де жалаң жұдырық бойынша танымал промоушн – BKFC лигасында өтеді. 12 қыркүйекте салмақ өлшеу рәсімі ұйымдастырылды. Отандасымыз 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде америкалық Rayne Wells-пен жұдырықтасады.

    Еске салайық, Алмат Жұманов үш мәрте КИнЭС рекордтар кітабына енген. Алматтың рекордтары: 1) 109 тонналы вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген. 2) Иыққа түйе көтеріп, сол уақытта арқанмен үш жеңіл көлікті жүргізушілерімен бірге 13 метрге сүйреген. 3) 26 тонналық АН-72 әскери ұшағын 1 метрге сүйреді.

    Жұманов 2022 жылы "Ирандық Халк" Саджад Гарибимен рингке шығып, қарсыласын 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осы кездесуден кейін BKFC лигасына шақырту алып, Колумбияда өткен екі іріктеу кездесуде қарсыластарын 30, 39 секундта нокаутпен ұтты.

    Жалаң қолмен жұдырықтасу спортындағы алғашқы қазақ АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.