jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан велоспортшылары әлем чемпионатында есе жіберді

    Алексей Луценко мен Евгений Федоров
    Алексей Луценко мен Евгений Федоров. Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Швейцарияның Цюрих қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем біріншілігі басталды. Чемпионат барысында ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Цюрих қаласында басталған әлем біріншілігінің ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды. Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Евгений Федоров пен Игорь Чжан қорғаған болатын. Федоров жарысты 30, Чжан 43-орынмен аяқтады.

    Бұл сында бельгиялық Ремко Эвенепул топ жарып, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Екінші және үшінші орынды италиялықтар Филиппо Ганна мен Эдоардо Аффини қорытындылады. 

    Еске салайық, қазақстандық Алексей Луценко мен Евгений Федоров Париж Олимпиадасындағы велоспорттан командалық сында өнер көрсеткен еді. 3 тамызда Франция астанасы Парижде 273 шақырымға созылған командалық веложарыс өтті. Аталмыш бәсекеге Қазақстан құрамасы атынан екі спортшы қатысты. Олар Алексей Луценко және Евгений Федоров. Луценко біршама уақыт бәйгенің алдын бермей жүлдеге үміткерлер қатарынан да көрінді. Алайда мәреге шамамен 70 шақырымдай қалғанда пелотонның ортасына қарай ойысты. Нәтижесінде мәре сызығын 52-і болып кесті.

    Қазақстан велоспортшылары әлем чемпионатында есе жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.