jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық мергендер Азия кубогінде тағы 5 медаль еншіледі

    Айжан Досмағамбетова
    Айжан Досмағамбетова. Фото: Olympic.kz

    Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогінде қазақстандық спортшылар бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Ерлер арасындағы "дубль-трап" бағдарламасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин және Никита Чикулаев қорғады.  

    Владлен Калимулин "дубль-трап" бойынша жекелей сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ, "трап" санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді. 

    "Трап" жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почиваловадан құралған Қазақстан командасы қола медаль еншіледі. 

    "Трап" жаттығуынан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы (Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов) күміс медаль иеленді. 

    Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан Азия кубогінде қазақстандық спортшылар бұған дейін 4 медаль жеңіп алған еді.

    Қазақстандық мергендер Азия кубогінде тағы 5 медаль еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.