jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында өткен үстел теннисі турнирінің чемпионы атанды

    Алан Құрманғалиев
    Алан Құрманғалиев. Фото: Olympic.kz

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясында өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) үстел теннисінен жастар арасындағы WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды.

    Бұл жарыста 17 жастағы қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев алтын медаль жеңіп алды. Отандық спортшы 19 жасқа дейінгі санатта үздік атанды.

    Турнир барысында ол жарыс қожайындары Муртадха Абу Абдулла, Абдулал Альхамис, Али Альтахер, үндістандық спортшылар Сарта Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхаттачарджиді жеңді.

    Естеріңізге сала кетейік, Астанада 6-13 қазан аралығында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді. Бұл бәсекеге қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев қатысады.

    Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында өткен үстел теннисі турнирінің чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.