Спорт

Зектілері

Астанада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Жарияланған күні:

Денис Тен
Денис Тен: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Астанада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Астанада 3-5 қазан аралығында мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge 2024" V халықаралық турнир өтеді.

Аталмыш турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қатысушылар қатарында Диас Жиренбаев (Қазақстан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губанова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ракич (Канада), Йе Куан, Ханна Лим (Оңтүстік Корея) және басқалары бар.

Жарыс "Барыс Арена" спорт кешенінде жеке конькимен сырғанау, мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Денис Тен 2014 жылы Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдегер атанған болатын. 2018 жылы 19 шілдеде Сочи Денис Тенді көлік ұрылары пышақтап, ол ауруханада көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2166930-astanada-denis-tendi-eske-aluga-arnalgan-halyqaralyq-turnir-otedi/