Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Сөзінде тұрды": Қуат Хамитов бәсте ұтқан автокөлігін көрсетті

Жарияланған күні:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram/kuat_khamitov

28 қыркүйек Алматыдағы бокс кешінде ММА жауынгерлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізген еді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Алматыда All Stars Boxing кешінде қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов кездесті. 6 раундқа жоспарланған бұл кездесуде Қуат Хамитов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Ал бұл кездесуде жеңген спортшы WBC ұсынған арнайы белбеуді жеңіп алды. Сонымен қатар Қуат пен Нұрберген автокөлікке бәстесіп еді.

Жекпе-жектен кейін Қуат Хамитов Instagram желісіндегі ресми парақшасында қарсыласының сөзінде тұрғанын жазып, жеңіп алған автокөлігін көрсетті.

"Жекпе-жектің басты сыйлығымен фото. Нұрберген Шарипов нағыз еркек екен, өзінде тұрды", - деп жазды Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын. Ал Нұрберген Шәріпов ММА-де 15 жекпе-жек өткізіп, 11 жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Бір мәрте тең нәтиже тіркеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2167444-sozinde-turdy-quat-hamitov-baste-utqan-avtokoligin-korsetti/