jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Атап айтқанда, 1 адам "Парасат" орденінің және 7 азамат "Құрмет" орденінің кавалері атанды. "Ерен еңбегі үшін" медалі 85, ал "Шапағат" медалі 5 адамға берілді.

    Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.

    Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 114 медальмен (44 алтын, 33 күміс, 37 қола) бірінші орын алды. Ал Қырғызстан құрамасы 64 жүлдемен (18 алтын, 21 күміс, 25 қола) екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті 34 медаль (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) еншілеген Өзбекстан түйіндеді.

    Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.