jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Сыйластық қайда": Жәнібек Әлімханұлының баспасөз мәслихаты жанжалмен аяқталды (видео)

    Баспасөз мәслихаты кезіндегі жанжал
    Баспасөз мәслихаты кезіндегі жанжал. Скриншот: youtube.com/Jai McAllister

    Сидней қаласында Жәнібек Әлімханұлы және оның қарсыласы Андрей Михайловичтің командалары сөзге келіспей қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 2 қазан Сидней қаласында Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты. Алайда аталмыш жиын жанжалмен аяқталды. Жәнібектің қарсыласы Андрей Михайлович қазақ боксшысына жазда жекпе-жекке шықпай қойғанын айтып сес көрсетті.

    Еске салайық, 12 шілде Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі қарсаңында ауруханаға түсіп қалған еді. Ол cалмақ қуу кезінде есінен танып қалған. Кейін ол дереу медициналық орталыққа жеткізілген.

    Ал Жәнібек Әлімханұлының командасы қарсыластарының дайындыққа аз уақыт бергенін айтты.

    "Лас-Вегастағы жекпе-жекке дайындалуға сендерге 3 ай уақыт бердік. Ал сендер бізге осы жолы небәрі 28 күн беріп отырсыңдар. Бұл сыйластыққа жата ма?", - деді Жәнібектің менеджері Берік Сұлтан.

    Баспасөз мәслихаты жанжалға ұласып, Андрей Михайловичтің командасы Жәнібектің менеджерін балағаттап жібереді. Айта кетейік, жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) пен Жәнібек Әлімханұлы 4 қазанда Сидней қаласында жұдырықтасады.

    "Сыйластық қайда": Жәнібек Әлімханұлының баспасөз мәслихаты жанжалмен аяқталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram