Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрбыма қарсы ойнау қиын": әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко ағынан жарылды

Жарияланған күні:

Теннисші Арина Соболенко
Теннисші Арина Соболенко. Фото: Andy Cheung/Getty Images

Белоруссиялық теннисші Арина Соболенко Уханда (Қытай) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында қазақстандық Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белоруссиялық спортшы Арина Соболенко үш сеттің қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 1:6, 6:4, 6:0.

Арина Соболенко аталмыш ойынның тартысты өткенін және оңай соқпағанын жеткізді. Сондай-ақ ол Юлия Путинцевамен достығын атап өтіп, досқа қарсы ойнау қиын екенін айтты.

"Иә, біз Юлиямен доспыз. Құрбыма қарсы ойнау қиын, әсіресе біз екеуміз де өте эмоционалды адамдармыз. Бүгін біз шынайы эмоциялар толқынында болдық. Бірақ біз әлі де құрбымыз, бұл жақсы нәрсе. Теннис пен жеке өмірді ажырата білу маңызды. Корттың сыртында доспыз, ал спортта қарсыласпыз", - деді Арина Соболенко.

Айта кетейік, Арина Соболенко Уханда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) — Магдалена Френх (Польша) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемдік рейтингтің 35-сатысында жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2173042-qurbyma-qarsy-oinau-qiyn-alemning-ekinshi-raketkasy-arina-sobolenko-agynan-zharyldy/