jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Жарақаты кесірінен Олимпиадаға қатыспаған Елена Рыбакина теннис кортына оралды (фото)

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Әлемнің 5-ракеткасы, қазақстандық спортшы Елена Рыбакина ұзақ үзілістен кейін жаттығуларын жалғастырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елена Рыбакинаны қолдайтын Х желісіндегі Sebastien G. парақшасы қазақстандық теннисшінің Дубайда жаттығып жүргенін айтты. Сонымен қатар Рыбакинаның жаттығудан кейін жас спортшылармен түскен суретін жариялады.

    "Елена Рыбакина WTA-ның қорытынды турнирі алдында жаттығу жасап жүрген көрінеді. Фото кеше Дубайда жасалған", - деп жазды Х желісіндегі Sebastien G. парақшасы.

    Әйелдер арасында әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина теннис кортына соңғы рет тамыз айында шыққан. Сол кезде алған жарақатының кесірінен бірнеше ірі турнирге қатыса алмады. Оның ішінде Париж Олимпиадасы да бар.

    Айта кетейік, WTA рейтингі 7 қазанда жаңарған еді. Рыбакина 4-орыннан 5-орынға төмендеп, америкалық Коко Гауффқа жол берді. Аталмыш рейтингтің көш басында польшалық спортшы Ига Швятек, Арина Соболенко және америкалық Джессика Пегула бар.

    Жарақаты кесірінен Олимпиадаға қатыспаған Елена Рыбакина теннис кортына оралды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.