jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Керлингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге жетті

    Мерей Тастемір
    Мерей Тастемір. Фото: kazsports.kz

    Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан керлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Керлингтен Қазақстан ұлттық құрамасы Е тобындағы 6-турда Украина ойыншыларынан 8:7 есебімен басым түсті. Ал қатар өткен кездесуде негізгі қарсылас Швейцария жеңіліп қалды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    Қазақстан құрамасы сапынан Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр мен Мерей Тастемір сынға түсті

    Осыған дейінгі керлингтен Қазақстан құрамасының көрсеткіштері:

    • 2018 жылы – 34-орын (35 команда);
    • 2019 жылы – 21-орын (40 команда);
    • 2020-2021 жылы әлем чемпионаты өткен жоқ.

    Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңі мен ширек финалы бүгін, 18 қазанда өтеді. Ал жартылай финал мен финал ертең, 19 қазанда өтеді деп жоспарланған.

    Керлингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.