jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық велошабандоздар әлем чемпионатын сәтті аяқтады

    Қазақстандық велошабандоз
    Қазақстандық велошабандоз. Фото: olympic.kz

    Данияның Баллерупте тректегі велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы үздік ондыққа енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Отандық құрамадағы үздік спортшы болып Кирилл Курдиди танылды. Ол гит бойынша финалға жетіп, онда жетінші орыннан көрінді. Омниум бойынша жарыс жолына шыққан Рамис Дінмұхаметов 18-ші орын алса, шығып қалуға жарыстан 14-орыннан көрінді. 

    Қуалап жарысудан Илья Қарабұтов 20-орынға жайғасты. Ал Әлішер Жұмақан ұпай бойынша он алтыншы болып келді. Кейрин бойынша Кирилл Курдиди жиырма үшінші болып жетсе, Илья Қарабұтов скрэтч бойынша жүлде алу үшін барын салды, нәтижесінде мәреге он тоғызыншы болып келді. 

    Айта кетейік, чемпионатқа Қазақстан атынан барлығы төрт спортшы қатысты.

    Қазақстандық велошабандоздар әлем чемпионатын сәтті аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.