jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    17 жастағы конькиші Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты

    Кристина Шумекова
    Кристина Шумекова. Фото: instagram/qaz_team_official

    17 жастағы спортшы Кристина Шумекова Қазақстан Республикасының ұлттық рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    9-28 қазан аралығында конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Германияның Инцель қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындық аясында командамыз Әлем кубогі кезеңдеріне жолдама алу үшін ISU халықаралық жарысында сынға түсті.

    Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты. Кристина Шумекова 3000 метр қашықтығында 4:15.48 уақытымен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының ұлттық рекордын жаңартты.

    Сонымен қатар спортшыларымыз өз үздік көрсеткіштерін де жақсарта алды: қыздар 11 жеке рекорд орнатса, ерлер 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 метр қашықтықтарында 22 үздік нәтиже тіркеді.

    17 жастағы конькиші Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.