jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Рыбакина қатарда: әлемдік додада ел намысын қорғайтын теннисшілердің есімдері белгілі болды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин 16-17 қарашада өтетін "Билли Джин Кинг кубогының" бірінші әлемдік тобында бақ сынайтын спортшыларымыздың тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазіргі уақытта спортшыларымыз Корея құрамасына қарсы ойында өнер көрсетуге дайындалуда. Ұлттық құраманың тізіміне Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаева кірді.

    Құрамамыздың көшбасшысы Елена Рыбакина маусымның соңына дейін WTA-дің қорытынды турнирінде ойнауды жоспарлап отыр, оған ол жылдың басындағы жетістіктерінің арқасында іріктеліп өтті. Қазір Еленаның жағдайы жақсы, Эр-Риядта сенімді ойын көрсетсе, ол Кореяға қарсы матчта ойнауға толық дайын.

    Зарина Дияс жақсы форма жинап, өткен аптада Түркиядағы турнирде жеңіске жетті. Біз оның қайта оралғанына қуаныштымыз.

    Жұптық сында Анна Данилина Қытайдағы турнирде жеңіске жетіп, Астанадағы ойында да жұптық сайыста ойнауға дайын. Жібек Құламбаева осы айда жұптық рейтингтегі ең жоғары көрсеткішіне көтерілді және оның құрама сапында ойнау тәжірибесі бар", - деді Юрий Щукин.

    Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер 12-13 сәуірде Жапонияда өткен "Билли Джин Кинг кубогының" іріктеу кезеңінде Жапония құрамасына 0:3 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

    Ал 16-17 қарашаға жоспарланған турнир Астанада "Beeline Arena" кешенінде өтеді. Қазақстандық теннисшілер плей-офф кезеңінде Оңтүстік Корея спортшыларымен сынға түседі.

    Рыбакина қатарда: әлемдік додада ел намысын қорғайтын теннисшілердің есімдері белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.