jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде ірі есеппен жеңілді

    Кирилл Герасименко
    Кирилл Герасименко. Фото: ttfrk.kz/kz

    Монпельеде (Франция) үстел теннисінен халықаралық жұлдыздарды жинаған WTT Champions турнирі басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Аталмыш турнирде Қазақстан намысын Париж Олимпиадасына қатысқан Кирилл Герасименко қорғады. Отандық команда көшбасшысы жарыстың 1/8 кезеңіне шығу үшін жастар арасындағы бірнеше дүркін чемпион қытайлық спортшы Сян Пэнмен кездесті. Алайда отандасымыз 3:0 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

    Еске салайық, 7 қазанда Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өткен еді. сол жарыстың ширек финалында қазақстандық спортшылар үндістандық қарсыластарына есе жіберді. Кирилл Герасименко алғашқы ойында ұтылды.

    Одан соң Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірген. Артынша Үндістан құрамасы тағы алға шығып кетті. Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Онда Кирилл Герасименко Үндістан спортшысынан жеңе алмады. Қорытынды есеп бойынша қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасына 0:3 есебімен есе жіберді. Осылайша Үндістан жартылай финалға шықты.

    Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде ірі есеппен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.