jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Елена Рыбакина 3 ай үзілістен кейін халықаралық жарыста бақ сынамақ

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үш айлық үзілістен кейін Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін халықаралық турнирге дайындыққа кірісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Eurosport телеарнасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Сауд Арабиясындағы халықаралық турнирге дайындыққа кірісуіне байланысты тосын пікір білдірді.

    "Кім оралды десеңізші! Елена Рыбакина WTA-дің финалдық турниріне қатысу үшін Эр-Риядтағы жаттығу кортына қайта оралды", - деп жазды Eurosport телеарнасы Х желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, WTA-дің Сауд Арабиясындағы финалдық турнирі 2 қарашада басталады. Бұл Рыбакина үшін тамыз айынан бері қатысатын алғашқы турнир болмақ. Әлемнің бесінші ракеткасы соңғы рет АҚШ ашық чемпионатында бақ сынап, алғашқы айналымнан кейін жарыстан шығып қалған еді.

    Елена Рыбакина 3 ай үзілістен кейін халықаралық жарыста бақ сынамақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.