jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    11 ойында 11 жеңіліс: "Астана" баскетбол клубы тағы да есе жіберіп қойды

    "Астана" баскетбол клубының ойыншысы Джеймс Мюррэй-Бойлс
    "Астана" баскетбол клубының ойыншысы Джеймс Мюррэй-Бойлс. Фото: pbcastana.kz

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында сырт алаңда ресейлік "Автодор" командасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Астана" баскетбол клубы сырт алаңда "Автодордан" 81:88 есебімен жеңіліс тапты.

    Бірінші кезеңде астаналық клуб басым түскен болатын (18:17), бірақ екінші және үшінші кезеңдерде "Астана" баскетболшылары есе жіберіп қойды (17:24, 17:23). Ал соңғы кезеңде астаналықтар 29:24 есебімен басымдық танытса да, жалпы есепте жеңіліс тапты.

    Осылайша "Астана" баскетбол клубы қатарынан 11-жеңілісіне ұшырады.

    Естеріңізге сала кетейік, чемпионат басталғалы елордалық клуб барлық кездесуде жеңіліп қалды. Сондай-ақ 27 қазанда "Астананың" бас бапкері Фотис Такианос қызметінен босатылды.

    "Автодорға" қарсы матчта команда бас бапкердің міндетін атқарушы Глеб Плотниковтың жетекшілігімен ойнады.

    11 ойында 11 жеңіліс: "Астана" баскетбол клубы тағы да есе жіберіп қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.