jitsu gif
Спорт

    "Ержан, тұрсаңшы": Шавкат Рахмонов UFC чемпионын келемеждеді (фото)

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger / Zuffa LLC / Getty Images

    Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурияның жекпе-жекке "шақыруына" әлеуметтік желіде жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурияның жекпе-жекке "шақыруына" жауап бергенімен, шын мәнінде Топурия оған ешқандай ресми шақыру жасамаған.

    Шавкат Рахмоновтың жауабы Telegram желісіндегі Main Card арнасының қалжың постына қатысты болған сияқты. Бұл жазбада Илия Топурияның қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырғаны туралы мәлімет берілген.

    Осыны байқаған Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі ресми парақшасында әзіл аралас жауап қайтарды.

    "Ержан, тұрсаңшы. Топурия менімен төбелескісі келетінін естідім. Онымен бір қолмен төбелесуге дайынмын", - деді Шавкат Рахмонов.

    Ал грузиялық журналист Георгий Кокиашвили UFC чемпионы Илия Топурия бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Топурия Шавкатпен жекпе-жекке шығуға ешқашан ниет білдірмеген.

    "Илия ешқашан Шавкатпен төбелескісі келетінін айтқан емес. Ол тек Instagram-дағы тікелей эфирде Шавкат Белал Мухаммадты жеңеді деп қана айтты. Бірақ, кейбір ресейлік медиалар бұл жайлы жалған ақпарат таратып, жағдайды ушықтыруға тырысып жатқан сияқты," - деп жазды Кокиашвили Х желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Қазіргі таңда Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас іздестірілуде.

    Шавкат Рахмоновтың Instagram желісінің Stories бөліміндегі жазбасы
    Шавкат Рахмоновтың Instagram желісінің Stories бөліміндегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/shavkatrakhmonov94

    "Ержан, тұрсаңшы": Шавкат Рахмонов UFC чемпионын келемеждеді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.