jitsu gif
Спорт

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан 12-ойында жеңіліс тапты

    "Астана" баскетбол клубы
    "Астана" баскетбол клубы. Фото: pbcastana.kz

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында қатарынан 12-ойында жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ВТБ лигасының 12-туры аясында астаналық ұжым сырт алаңда Екатеринбургтің "Уралмаш" баскетбол клубымен кездесті. Нәтижесінде "Астана" баскетбол клубы 62:72 есебімен жеңіліс тапты.

    Ойынның бірінші кезеңінде "Астана" командасы екі ұпай айырмашылығымен (14:16) есебімен есе жіберіп қойды, екінші кезеңде де қазақстандық клуб басымдық таныта алмады (15:21). Бірақ астаналықтар үшінші кезеңде қарсыласынан озып кетті (23:20). Ал соңғы кезеңде "Астана" клубы бұл басымдықты уысында ұстап тұра алмады (10:15).

    Айта кетейік, "Астана" биылғы маусымда әлі бірде-бір жеңіске жете алмай, қатарынан 12-ойында жеңіліп қалды.

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан 12-ойында жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.