jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыр атлетикадан Қазақстанның бұрынғы бапкері өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді

    Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни
    Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни. Фото: olympic.kz

    Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни бапкерлік лицензиясынан өмір бойына айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Агенттіктің хабарлауынша, аталған ақпаратты Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілдері растаған.

    "Иә, бұл шын ақпарат. Бұл – халықаралық шешім. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық тестілеу агенттігінің шешімі", - деді федерациядағылар.

    Еске салсақ, Ни Қазақстан құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында жаттықтырып, Рио Олимпиадасынан соң ресми түрде жұмыстан кеткен еді. Ол бас бапкер болған тұста Олимпиада ойындары мен әлем, құрлық чемпионаттарында жүлде алған спортшылардың көбі допинг дауына ілінген болатын.

    Осыған дейін Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) төрт қазақстандық спортшыға өмір бойына дисквлификациялаған. Олардың ішінде жеңіл атлет Ольга Терешкова-Цикунова, ауыр атлет Фаина Сиванбаева және теннисші Тимур Хабибуллин бар.

    Ауыр атлетикадан Қазақстанның бұрынғы бапкері өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.