jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы жүзуден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

    Қазақстандық спортшы Лев Черепанов
    Қазақстандық спортшы Лев Черепанов. Фото: olympic.kz

    Ашық суда жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Лев Черепанов Гонконгта өткен Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпида комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Лев Черепанов Азия чемпионатында 10 километрге жүзуден үшінші орын алды. Оның жүлдесі ұлттық құрама үшін аталған жарыстағы бірінші медаль болып отыр.

    Айта кетейік, құрлық біріншілігі 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирге Қазақстан құрамасынан алты спортшы аттанған болатын.

    Ашық суда жүзуден Азия чемпионаты осымен 11-рет өтіп жатыр. Бұған дейінгі жарыс Самарқандта (Өзбекстан) болған.

    Еске салайық, жүзуден Қазақстан құрамасының екі спортшысы Сингапурдегі әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартқан еді. 100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында Аделаида Пчелинцева, 400 метрге еркін стильде жүзуден Ғалымжан Балабек рекордтық нәтиже тіркеді.

    Қазақстандық спортшы жүзуден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.