jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды

    Темірлан Көлбай
    Темірлан Көлбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Астанада өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Спорттық самбодан аса ауыр салмақта бақ сынаған Темірлан Көлбай (+98 кг) финалда моңғолиялық спортшы Пуревдорж Дамдинчуренді жеңіп, алтын жүлде еншіледі. Қазақстандық спортшы жарыс барысында Кеничи Накаяма (Жапония), Бред Флорес (Гондурас), Нұрбек Тураевты (Өзбекстан), жартылай финалда Степан Солдатенковты (FIAS) ұтқан.

    Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары 4 қола жүлдеге ие болды. Спорттық самбодан Армат Қабдолов (58 кг) мен Арайлым Әбенова (+80 кг), ал жауынгерлік самбодан Құралай Кабрайқызы (54 кг) мен Маратбек Рахметоллин (64 кг) үшінші орын алды.

    Астанадағы әлем чемпионатына 80 мемлекеттен 470 спортшы жиналған. Ал Қазақстан намысын 28 самбошы қорғайды. 10 қарашаға дейін жалғасатын додада спорттық және жауынгерлік самбо шеберлерінен бөлек, зағип жандар (SVI-1) 31 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Биылғы әлем чемпионатының ерекшелігі – әйелдер арасында жауынгерлік самбо мен зағиптардың сайысы бірінші мәрте енгізілуі.

    Жарыстың жалпы жүлде қоры – 311 мың АҚШ доллары (1-орын – 4 000 доллар, 2-орын – 3 000 доллар, 3-орын – 2 000 доллар және зағиптар арасындағы чемпион – 1 000 доллар).

    Осыған дейін Астанада 2005 жылы қарашада спорттық самбодан әлем чемпионаты өтіп, ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған еді.

    Қазақстандық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.