Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан самбодан әлем чемпионатында 10 жыл бұрынғы нәтижесін қайталады

Жарияланған күні:

Қазақстандық самбошы
Қазақстандық самбошы. Фото: kazsports.kz

Астанада өткен самбодан (спорттық, жауынгерлік, зағип жандар арасында) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 17 медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлем біріншілігіне 80 елден 470 спортшы жиналып, 46 ел жүлдемен қайтты. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар жалпы есепте ең жоғарғы 2-орынды 2014 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында тіркеген.

Астанадағы әлем чемпионатының жүлде кестесіндегі ТОП-3 құрама:

  • 1-орын. Бейтарап спортшы (FIAS-1) – 16 алтын, 5 күміс, 5 қола;
  • 2-орын. Қазақстан – 3 алтын, 5 күміс, 9 қола;
  • 3-орын. Бейтарап спортшы (FIAS-2) – 3 алтын, 2 күміс, 4 қола.

"Қазақстан жерінде екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан әлем чемпионатын абыроймен аяқтап, жалпы есепте екінші орынды алдық. Қолдау танытқан, оқу-жаттығу жиынын өткізуге көмектескен жандарға алғысым шексіз. Жүйелі түрде дайындалдық. Міне, енді соның жемісін көріп жатырмыз. Жеңісті күндерде жолыққанша!", - деді самбодан ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имаханов.

Еске салайық, қазақстандық спортшы Есентай Иманханов спорттық самбодан 64 кг салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2185542-qazaqstan-quramasy-sambodan-alem-chempionatynda-10-zhyl-buryngy-natizhesin-qaitalady/