Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина үздік ондықта: биыл ең көп табыс тапқан теннисшілер тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: HENRY NICHOLLS/AFP via Getty Images

Қарашаның басында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA-дің қорытынды турнирінен кейін әйелдер теннисінің биылғы маусымы ресми түрде аяқталды. Forbes Sport сайты биылғы маусымда ең көп табыс тапқан теннисшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемнің ең жоғары жалақы алатын теннисшілерінің ондығын америкалық Эмма Наварро ашып отыр. Ол 2 миллион 751 мың АҚШ доллардан астам сыйақы тапқан. АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалы оның қоржынына 1 миллион АҚШ доллардан астам қаржы қосқан.

Тоғызыншы орынға бельгиялық Элизе Мертенс орналасқан. Оның табысы 2 миллион 783 мың АҚШ доллардан асады.

Сегізінші орынға қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жайғасты. Маусым бойында әртүрлі нәтиже көрсеткеніне қарамастан, ол шамамен 3 миллион 877 мың АҚШ доллар табыс тапты. Жалпы спорттық мансабында Елена Рыбакина 15,1 миллион АҚШ доллардан астам қаржы еншіледі.

Жетінші орынды 4 миллион 186 мың АҚШ доллар табысымен америкалық Джессика Пегула иеленсе, алтыншы орынға 4 миллион 770 мың АҚШ долларын тапқан чехиялық Барбора Крейчикова орналасқан.

Үздік бестікте қытайлық Чжэн Циньвэнь орналасқан. Ол осы жылы 5 миллион 560 мың АҚШ долларға жуық табыс тапқан. Италиялық Жасмин Паолини 5,8 миллион АҚШ доллардан астам табыспен төртінші орынды иеленген.

Үшінші орында польшалық теннисші Ига Швентек жайғасқан. Оның табысы 8 миллион 550 мың АҚШ доллардан асады. Ал тізімнің екінші сатысында 9 миллион 350 мың АҚШ доллар кірісімен америкалық Кори Гауфф тұр.

Ал рейтингтің көш басында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко тұр. Ол биыл 9,7 миллион АҚШ доллардан астам табыс тапқан, ал оның спорттық мансабындағы жалпы кірісі 30 миллион АҚШ доллардан асты.

Еске салайық, әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакина 5-орыннан 6-орынға төмендеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2186907-rybakina-uzdik-ondyqta-biyl-eng-kop-tabys-tapqan-tennisishler-tizimi-zhariialandy/