jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    14 ойында 14 жеңіліс: "Астана" баскетбол клубы маусым басталғалы жеңілістен көз ашпай келеді

    "Астана" баскетбол клубы
    "Астана" баскетбол клубы. Фото: pbcastana.kz

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы аясында ресейлік "Нижний Новгород" клубына есе жіберіп қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы сырт алаңда ресейлік "Нижний Новгород" командасымен ойнап, 69:87 есебімен жеңіліс тапты.

    "Астана" командасы ойынның барлық төрт кезеңінде жеңіліс тапты (19:23, 18:20, 14:25, 18:19).

    ВТБ бірыңғай лигасының биылғы маусымында елордалық "Астана" баскетбол клубы әлі бірде-бір жеңіске жете алмады. Биылғы маусымда қазақстандық клуб 14 матч өткізіп, 14 рет жеңіліс тапты.

    "Нижний Новгород" командасына қарсы ойындағы сәтсіздік жаңа бас бапкердің жетекшілігімен болған төртінші жеңіліс еді.

    ВТБ бірыңғай лигасының биылғы маусымында мәскеулік ЦСКА клубы 25 ұпаймен көш бастап келеді.

    Айта кетейік, "Астана" баскетбол клубы келесі ойынын 16 қарашада ЦСКА-ға қарсы өткізеді.

    14 ойында 14 жеңіліс: "Астана" баскетбол клубы маусым басталғалы жеңілістен көз ашпай келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.