jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Мен де ренжи аламын": Черчесов әкесінің атын қате айтқан журналиске жауап берді (видео)

    Бас бапкер Станислав Черчесов
    Бас бапкер Станислав Черчесов. Скриншот: youtube.com/@KFF_TV

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов әкесінің атын қате айтқан журналиске әзілмен жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 13 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты өтті. Сол кезде журналистердің бірі бас бапкердің әкесінің атын Саламович емес, "Салманович" деп қате айтқан.

    "Мен де ренжи аламын. Әкемнің атын қате айтып жатыр. Бірақ ештеңе етпейді, біз өкпешіл емеспіз, бұған үйреніп алғанбыз. Мен Саламовичпін. Орысша – Приветович", - деп әзілдеді Черчесов.

    Бұған дейін Станислав Черчесов әзілі үшін басы дауға қалған болатын. Ол 13 қазанда Алматыда өткен Қазақстан – Словения матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске: "Сен французша сөйлеп отырсың ба?" - деген еді. Осыдан кейін Черчесов көпшіліктің сынына ұшырап, оған футбол федерациясы тарапынан 738 400 теңге айыппұл салынды.

    Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында төрт ойын өткізіп, үш мәрте жеңілсе, бір рет қарсыласпен тең түсті. Ал бүгін, 14 қарашада Черчесов шәкірттері Алматыда Аустрия командасына қарсы қарымта ойын өткізеді.

    "Мен де ренжи аламын": Черчесов әкесінің атын қате айтқан журналиске жауап берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.