jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық екі спортшы Азия құрлығының үздік мергені атанды

    Нысана көздеуші Әсем Орынбай
    Нысана көздеуші Әсем Орынбай. Фото: olympic.kz

    Азия атқыштар конфедерациясы (ASC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы 1-орынды иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық атқыш Эдуард Ещенко "скит" жаттығуында 1629 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап тұр. Тағы бір қазақстандық спортшы Давид Почивалов қоржынына 700 ұпай жинақтап, тізімнің 12-сатысына тұрақтаған.

    Әйелдер арасында осы дисциплина бойынша Әсем Орынбай 1722 ұпаймен азиялық рейтингтің 1-сатысына шықты. Сонымен қатар Зоя Кравченко 1130 ұпаймен 7-орынға жайғасқан. 468 ұпаймен Адель Садақбаева рейтингтің 19-сатысын еншілеген.

    Ал "трап" жаттығуында Мария Дмитриенко 1200 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

    Айта кетейік, Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко биыл жазда Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынаған. Жекелей сында да, жұптық сайыста да бәсекеге түскен қос қазақстандық спортшы финалдық кезеңге шыға алмаған болатын.

    Қазақстандық екі спортшы Азия құрлығының үздік мергені атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.