jitsu gif
Спорт

    Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа жамбылдықтар бағалы сыйлық табыстады (видео)

    Нұрқожа Қайпанов
    Нұрқожа Қайпанов. Скриншот: instagram.com/erkinkures2020

    Тиранадағы (Албания) әлем біріншілігінен алтын медальмен оралған балуан Нұрқожа Қайпановқа жамбылдықтар ат мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Таразға барған Нұрқожа Қайпановты Жамбыл облысының азаматтары құр қол жібермей, сәйгүлік сыйға тартқан. Олар спортшыны жеңісімен құттықтап, Олимпиада чемпионы болуына тілектестік білдірді.

    Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы (Албания) әлем біріншілігінде еркін күрестен 70 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған еді. Ол финалда жапон балуаны Ешиносуке Аоягимен күресіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны атанды. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған еді.

    Нұрқожа Қайпановтың еншісінде Азия чемпионатының екі алтыны (2019, 2021), Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының күмісі (2022, 2019) және әлем біріншілігінің алтыны (2024) бар.

    Осыған дейін кәсіпкер Ерлан Қожасбай балуан Нұрқожа Қайпановқа Zeekr 001 көлігінің кілтін табыстаған болатын.

    Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа жамбылдықтар бағалы сыйлық табыстады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.