jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Ешкім білмейді": Бибісара Асаубаева алдағы уақытта саяси қызметке бет бұра ма

    Бибісара Асаубаева
    Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстанның танымал шахматшысы Бибісара Асаубаева болашақта саяси қызметпен айналысуына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бибісара Асаубаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Болашақта саяси қызметке ойысасыз ба?" - деп сауал жолдаған оқырманына жауап берді.

    "Ешқашан деп айтпа. Өмірде не боларын ешкім білмейді, бірақ қазіргі таңда менің саясатқа қатысатын ойым жоқ. Бұл өте жауапты жұмыс, оған жайдан-жай бара салудың қажеті жоқ", - деді Бибісара Асаубаева.

    Айта кетейік, жуырда Шымкентте өткен ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңінде Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы жарыста қола медаль еншіледі.

    9 турдың қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының жетекшісі 5 ұпай жинап, жалпы Гран-при кестесінде екі кезеңнен кейін алғашқы орынға шықты.

    Бибісара Асаубаеваның Instagram желісіндегі жазбасы
    Бибісара Асаубаеваның Instagram желісіндегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/bibisarachess

    "Ешкім білмейді": Бибісара Асаубаева алдағы уақытта саяси қызметке бет бұра ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.