jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    15 жастағы қазақстандық спортшы Қытайдағы жарыста қос жүлде жеңіп алды

    Мұрат Нұрболсын
    Мұрат Нұрболсын. Фото: Бағдәуір Үлкенбайдың жеке мұрағатынан

    15 жастағы қазақстандық спортщы Мұрат Нұрболсын Қытайдың Үрімжі қаласында өткен жеңіл атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарыста тамаша нәтиже көрсетіп, екі жүлдені қанжығасына байлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Құрлықтың мықты спортшылары қатысқан бұл сайыста қазақстандықтар өз шеберліктерін сынады. Солардың ішінде Мұрат Нұрболсын ерекше көзге түсіп, 1500 метр қашықтықта жеңіске жетіп, алтын жүлдені еншіледі. Сондай-ақ ол 3000 метрлік сайыста күміс жүлдегер атанып, тағы бір табысына қол жеткізді.

    "Бұл жарыста 5 мемлекеттен 300 ден астам спортшы бақ сынады. Шәкіртім Мұрат Нұрболсынұлын жаттықтырып жүргеніме 1 жылдан асты. Ол 4 рет Қазақстан чемпионы болған. Бұл жолғы халықаралық бәсекеде қажырлы еңбегімен, жігерінің арқасында чемпион атанып, бәрімізді қуантып отыр. Оның алдағы болашағынан үлкен үміт күтемін.

    Мен жаттықтырушы ретінде жұмыс жасап келе жатқаныма 20 жылдан асты. Шәкірттерім үлкен додаларда топ жарып жүр. Атажұртқа келгеніме бір жылдан асты. Ендігі арманым – Қазақстанда да мықты спортшылар тәрбиелеп, көк туымызды желбіретіп, еліміздің дамуына үлесімізді қосып, еңбегімді сіңіру", - деді спортшының жаттықтырушысы Бағдәуір Үлкенбай.

    Айта кетейік, Астана қаласындағы №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істейтін Бағдәуір Үлкенбай – Қытай қазақтарының арасынан шыққан танымал бапкерлердің бірі. Оның шәкірттері Бейжіңде өткен марафондарда топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

    15 жастағы қазақстандық спортшы Қытайдағы жарыста қос жүлде жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.