Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істетпей қойдым": Әбиба Әбужақынова ата-анасын өзі асырап отырғанын айтты

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 7-арнадағы "Әйгерім Сейфолланың сырласуы" бағдарламасында жеке өмірі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әбиба Әбужақынова ата-анасы жұмыс істемейтінін, оларды өзі асырап отырғанын жасырмады. Дзюдошы сондай-ақ "анам жұмыс істемейді, менің мысығымды бағып, менен жалақы алып отыр", - деп те әзілдеді.

"Анама жұмыс істетпей қойдым. Бұрын ол кісі мұғалім болды. Жұмыс істеді ғой, қазір өмірдің рахатын көрсін, қыдырсын дедім. Ал әкем бұрын зауытта қызмет атқарған, қазір ол кісі де жұмыссыз. Отбасыма өзім көмектесемін, ол мен үшін ауыр емес. Інім үйдің жалғыз ұлы болған соң, оған ата-анам қалағандай той жасап бердім", - деді Әбужақынова.

Сонымен бірге дзюдошы "Әбиба әдейі жылап халықтан көлік алып алды", - деп сынағандарға жауап берді.

"Сол адамдар менің бұрынғы күресімді көрмеген шығар, себебі мен бұрыннан қуансам да, ұтылып жыласам да, эмоциямды татамиде көрсетемін. 2023 жылғы әлем чемпионатында иығымнан жарақат алып, бесінші орын алдым. Қола медаль үшін күресте жеңілідм. Өйткені қолымды көтере алған жоқпын. Күйінгеннен татамиде жыладым. Соны көріп қолдағандар да бар. Ал Олимпиада ойындарын бәрі көрді, сондықтан бірден танып қалды. Жаман пікір жазғандар да бар, бірақ сондай көп емес – 10 пайыз шығар", - деді Әбиба.

Еске салайық, Әбиба Әбужақынова қазан айында дзюдодан әлемдік Abu Dhabi Grand Slam 2024 жарысының қола жүлдегері атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2191560-zhumys-istetpei-qoidym-abiba-abuzhaqynova-ata-anasyn-ozi-asyrap-otyrganyn-aitty/