jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановты жерлестері қалай қарсы алды (видео)

    Нұрқожа Қайпановты күтіп алу сәті
    Нұрқожа Қайпановты күтіп алу сәті. Скриншот: instagram.com/upravlenie_sporta_sko

    Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов үйіне, Петропавлға оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Солтүстік Қазақстан облысы спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нұрқожа Қайпановты теміржол вокзалынан жақындары, туыстары, достары мен жаттықтырушылар құрамы асқан мақтанышпен және қуанышпен қарсы алған. Олар шашу шашып, чемпионды жеңісімен құттықтады.

    Айта кетейік, Тиранада (Албания) өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов алтын медаль жеңіп алған еді. Ол 70 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда жапондық Ешиносуке Аоягиді 5:3 есебімен ұтты. Осылайша Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанған Қазақстандағы екінші қазақ балуаны болды. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған еді.

    Нұрқожаның еншісінде Азия чемпионатының екі алтыны (2019, 2021), Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының күмісі (2022, 2019) және әлем біріншілігінің көптен күткен алтыны (2024) бар.

    Еске салайық, Нұрқожа Қайпановтың жұбайы Марина Седнева Армения астанасы Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасында ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.

    Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановты жерлестері қалай қарсы алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.