jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Шымкент полициясы Голландияда өткен шағын футбол турнирінде жеңімпаз атанды (видео)

    Полицейлер жүлдемен оралды
    Полицейлер жүлдемен оралды. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

    Қазақстан полицейлері Нидерландының Айберген қаласында өткен шағын футболдан World Police Indoor Soccer Tournament халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ПД Instagram-дағы мәліметінше, бұл жарыс 1982 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерін жинайды.

    Өткен жылы турнирге 25 елден 106 команда қатысқан. Биыл да қатысушылар саны сол деңгейде болған. Қазақстан ІІМ намысын Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі футболдан спорт шебері Нұрлан Қарабаев бастаған команда қорғады. Олар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 1-орын иеленді.

    Шымкент полициясы Голландияда өткен шағын футбол турнирінде жеңімпаз атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.