jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан 16-ойында жеңілді

    "Астана" баскетбол клубы
    "Астана" баскетбол клубы. Фото: pbcastana.kz

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында он алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Астана" өз алаңында ресейлік "Самара" командасын қабылдады. Нәтижесінде кездесу 59:81 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.

    "Астана" баскетбол клубы ойынның алғашқы ширегінде қарсыластарына 12:25 есебімен жол берді. Екінші кезең де сәтсіз аяқталып, есеп 10:19 болды. Үшінші кезеңде ойыншылар қарқын қосып, 24:18 есебімен жеңіске жетті, алайда соңғы ширекте астаналық команда тағы да 13:19 есебімен ұтылды.

    Айта кетейік, елордалық "Астана" баскетбол клубы биылғы маусым басталғалы бірде-бір жеңіске жете алмай, қатарынан 16 матчта жеңіліс тапты. Қазіргі уақытта "Астана" 16 ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы 12-орнына жайғасқан.

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан 16-ойында жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.