Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте үлкен мәселе": "Қайратта" доп тепкен танымал ресейлік футболшы денсаулығындағы кінәрат туралы айтты

Жарияланған күні:

Андрей Аршавин
Андрей Аршавин. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

"Қайрат" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин "Карты, деньги, два мяча" бағдарламасына берген сұқбатында денсаулығына қатысты күрделі мәселелерді бастан кешіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мен медициналық тексерістен өттім. Мен тек 20 пайызға ғана көре алады екенмін. Бұл мен үшін өте үлкен мәселе. Соңғы рет дәрігерге 2015 жылы барғанмын, сол кезде көзге коррекция жасатқым келді. Бірақ маған: "Футболды аяқтап ал, асықпа", - деген еді. Ол уақытта көзілдірік кимегенмін.

Енді мен шешім қабылдап, қайта тексеріске бардым. Дәрігерлер менің алыстан жақсы көретінімді айтты. Көзге коррекция жасату жақыннан көрмейтіндерге көмектеседі, ал алыстан жақсы көретіндерге бұл әдіс тиімсіз. Сонымен қатар катаракта пайда болуы мүмкін екенін және болашақта көз бұршағын ауыстыру қажеттілігін айтты. Сондықтан коррекция жасау мүмкін емес деді. Бәрі уақыттың еншісінде қалды", - деді Андрей Аршавин.

Айта кетейік, Андрей Аршавин Ресей құрамасы сапында 75 матч өткізіп, 17 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол ресейлік "Зенит", "Кубань", ағылшындық "Арсенал" клубтарында өнер көрсеткен.

Андрей Аршавин 2016-2018 жылдар аралығында 84 матч өткізіп, 24 гол соққан.

2022 жылдың қаңтарында Андрей Аршавин "Зенит" футбол клубының спорттық даму бойынша бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2194247-ote-ulken-masele-qairatta-dop-tepken-tanymal-reseilik-futbolshy-densaulygyndagy-kinarat-turaly-aitty/