jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Мәйітхана толып кетті": Гвинеяда футбол матчында бірнеше адам қаза тапты (видео)

    Гвинеядағы жанкүйерлер қақтығысы
    Гвинеядағы жанкүйерлер қақтығысы. Скриншот: twitter.com/AZ_Intel

    Гвинеяның Нзерекор қаласында өткен футбол матчындағы жанкүйерлер қақтығысынан бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ DNA басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дәрігерлердің бірі 100-ге жуық адам көз жұмғанын айтса, енді бірі қаза тапқандардың саны 10 шақты екенін жеткізді. Жанкүйерлер арасындағы қақтығыс төрешінің ойыншыға алдымен қызыл қағаз көрсетіп, кейін қарсылас қақпасына пенальти белгілеген соң басталған.

    "Аурухананың барлық жерінде, тіпті кіреберістегі еденде адамдардың денесі жатыр. Мәйітхана да толып кетті", - деді жергілікті дәрігерлердің бірі.

    Полиция жанкүйерлерді таратып жіберу үшін көз жасаурататын газ қолданған. Тәртіп сақшыларынан қашпақ болған адамдар есікке қарай жүгіріп, сол жерде бір-бірін таптап кеткен. Басылымның хабарлауынша, матч 2021 жылы төңкеріс нәтижесінде билікке келген, Гвинеядағы бүлікшілердің жетекшісі полковник Мамаду Думбияның құрметіне ұйымдастырылған.

    Еске салайық, Перуде 35 жастағы футболшы Хосе Уго де ла Крус Меса матч кезінде найзағай соғып, қайтыс болған еді.

    "Мәйітхана толып кетті": Гвинеяда футбол матчында бірнеше адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.