
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Азия чемпионатының бірінші айналымында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан ұлттық құрамасы "А" тобында бақ сынап жатыр. Турнирдің алғашқы матчында жерлестеріміз бірінші таймда 11:12 есебімен артта келе жатты. Ал ойынның екінші бөлігінің қорытындысы бойынша қытайлықтардан 28:26 есебімен басым түсті.
Отандық гандболшылардың екінші айналымдағы қарсыластары Корея Республикасының өкілдері болады (4 желтоқсан). Ал одан кейін Сингапурмен ойнайды 6 желтоқсанда күш сынасады.
Үш турдың қорытындысы бойынша әр топтың екі мықты командасы жартылай финалға жолдама алады. Тағы екі команда 5-8 орынға арналған шағын турнирге қатысады. Айта кетейік, Азия чемпионатының В табында Жапония, Иран, Үндістан және Гонконг командалары бақ сынауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2195589-qazaqstan-quramasy-aziia-chempionatyndagy-algashqy-matchta-qytaidy-zhengdi/