17 ойында 17 жеңіліс: "Астана" ВТБ лигасының биылғы маусымында жеңілістен көз ашпай келеді
Опубликовано:
Читать на русском
Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өз алаңында жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Астана" баскетбол клубы өз алаңында ресейлік "УНИКС" командасынан жеңіліп қалды. Кездесу 38:91 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Бірінші ширекте "Астана" 12:26, екіншісінде 6:13 есебімен ұтылып қалды. Ал матчтың қалған екі бөлігінде де астаналық ұжым қарсыластарына есе жіберіп қойды (10:30, 10:22).
Айта кетейік, "Астана" баскетбол клубы қатарынан он жетінші кездесуінде жеңіліп отыр. Отандық команда соңғы мәрте өткен маусымда жеңіске жеткен еді. Дәл қазір елордалықтар ВТБ Бірыңғай лигасының турнирлік кестесінде 17 ұпай жинап, соңғы 12-орында тұр.
Енді "Астана" баскетбол клубы келесі кездесуін сырт алаңда 8 желтоқсанда "МБА" клубына қарсы өткізеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2196396-17-oiynda-17-zhengilis-astana-vtb-ligasynyng-biylgy-mausymynda-zhengilisten-koz-ashpai-keledi/