jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Басы үлкен": Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты мазақ қылды (фото)

    Шавкат пен Гэрри
    Шавкат пен Гэрри. Фото: instagram/iangarry

    Жеңіліп көрмеген қос UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Ирландия спортшысы Иэн Гэрри жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ирландиялық файтер Иэн Гэрри қазақстандық Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жек алдында оны мазақ қылды. Қос спортшы көз түйістіру рәсімінен өтіп, журналистер сұрағына жауап берді.

    Гэрри өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында көз түйістіру рәсімінен фото жүктеп, Шавкаттың басы тым үлкен екенін айтты.

    "Мынадай үлкен басқа соққыларды оңай тигізуге болады", - деп жазды ирландиялық файтер.

    Айта кетейік, Рахмонов пен Гэрри арасындағы жекпе-жек 8 желтоқсанда таңертең UFC 310 турнирінде болады. Олардың бәсекесі 5 раундқа жоспарланған. Екеуі де бұған дейін аралас жекпе-жекте мүлде жеңіліп көрмеген. Гэрридің рекорды – 15-0 болса, Рахмоновтікі – 18-0.

    "Басы үлкен": Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты мазақ қылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.