jitsu gif
Спорт

    Шымкент полицейлері халықаралық футбол турнирінде жеңіске жетті (видео)

    Ғабит Сыздықбеков полицейлермен кездесті
    Ғабит Сыздықбеков полицейлермен кездесті. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

    Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Нидерландының Эйберген қаласында өткен шағын футболдан World Police Indoor Soccer Tournament халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған полиция қызметкерлерімен жүздесті. Тәртіп сақшылары ҚР ІІМ құрама командасында өнер көрсеткен, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметінше, қала басшысы чемпиондарды шын жүректен құттықтап, олардың Қазақстан абыройын әлемдік деңгейде лайықты қорғағанын атап өткен. Сондай-ақ ІІМ құрама командасында тек Шымкент полиция департаментінің өкілдері болғаны қала үшін үлкен мақтаныш екенін ерекше айтқан.

    Әкім спортшылардың өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстанудың және спортпен шұғылданудың маңыздылығын үлгі еткенін атап өтіп, оларға қызметтерінде жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі.

    Сонымен қатар алдағы уақытта да жүктелген міндеттерін адал орындайтындарына сенім білдірді.

    Шымкент полицейлері халықаралық футбол турнирінде жеңіске жетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.