jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал блогер Хасбик қазақ боксшыларына Азия чемпионаты алдында сәттілік тіледі (видео)

    Хасбик
    Хасбик. Фото: instagram.com/hasbulla.hushetskiy

    Танымал ресейлік блогер Хасбулла Магомедов (Хасбик) қазақ боксшыларына видеоүндеу жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Хасбик Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен видеосында Таиландтағы Азия чемпионатының финалына өткен Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай және Айбек Оралбайға сәттілік тілеген.

    Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Таиландтағы Азия чемпионатына бара алмаған еді. Бас бапкер Қайрат Сәтжанов ол жарақатына байланысты екі оқу-жаттығу жиынынан босатылғанын, қазіргі уақытта мұрнын емдеп жатқанын айтқан болатын.

    Таиландағы Азия чемпионатында 10 желтоқсанда әйелдер арасында, ал 11 желтоқсанда ерлер арасында финал өтеді. Ақтық сында Қазақстан құрамасынан 14 боксшы бақ сынайды.

    Әйелдер арасында Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (+ 81 кг) алтын жүлдеге таласады. Ал ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Бекзад Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) сынға түседі.

    Танымал блогер Хасбик қазақ боксшыларына Азия чемпионаты алдында сәттілік тіледі (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.