
Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Манамадағы (Бахрейн) әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алексей Чуркин 81 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Cпортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 368 килограммды (164+204) бағындырып, екінші орынға көтерілді.
Ал 371 килограммды игерген солтүстіккореялық Ри Чонг Сонг (166+205) жеңімпаз атанды. Қола жүлдені өзбекстандық Мухаммадкодир Тоштемиров еншіледі. Ол қоссайыс нәтижесінде 355 килограммды (165+190) еңсерді.
Тағы бір қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров бесінші орын алды. Оның көрсеткіші – 351 кг (160+191).
Еске салайық, қыркүйекте қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жастар арасында әлем чемпионы атанған еді. 89 кг дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) кг салмақты еңсере білді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2198661-qazaqstandyq-auyr-atlet-alem-chempionatynyng-kumis-zhuldegeri-atandy/