jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Гандболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

    Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы
    Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қола жүлде үшін өткен ойында Қазақстан құрамасы Иранмен ойнап, 28:22 есебімен ұтты. Екі команда 2021 жылы да қола жүлдеге таласып, ол кезде де қазақстандық гандболшылар басым түскен еді.

    Осылайша, гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта екінші рет Азия чемпионатының қоласын жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық команданың қоржынында екі алтын бар (2002 және 2010 жыл).

    Биылғы Азия чемпионатының жеңімпазы финалда Оңтүстік Кореяны 25:24 есебімен жеңген жапондар болды. Осылайша Жапония жүлделер саны бойынша Қазақстан командасын қуып жетті. Қалған 16 турнирде кореялықтар жеңіске жеткен.

    Гандболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.